Мукамеденқызы Венера 1980 жылы туылған, қазақ, 1998 ж. О.Жәутіков атындағы РАФММИ бітірген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітірді. 2004 жылы «Жылу физика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінің магистратурасын үздік аяқтады. 2006 жылы «Жылу физика және жылу техника» мамандығы бойынша физика факультетінің аспирантурасын бітірді. 2009 жылы «Жылу физика және жылу техника» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылдың қараша айынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінде жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 14 жыл. Мукамеденқызы Венера көпқұрамды газ қоспаларындағы массатасымалдану мәселесімен айналысады. Кандидаттық диссертация тақырыбына байланысты республикалық және шетелдік басылымдарда 60 аса ғылыми мақаласы шықты. Ғылыми деңгейін үзбей жетілдіреді. 2017-2018 оқу жылында “Молекулалық физика”, “Механика”, “Интелектуалды меншікті қорғау”, “Техникалық термодинамика”, “Заттардың жылуфизикалық қасиеттері” пәндері бойынша 1, 2, 3 курс студенттеріне лекция, семинар сабақтарын жүргізді. ТЭ мамандығының студенттеріне эдвайзер-куратор. Факультеттің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады. Студенттер мен оқытушылар арасында беделді. Мукамеденқызы Венера өзінің қызметінде өте ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды. Өз жұмысын адал және ұқыпты атқарады. Өз білімін жетілдіруге қабілеті бар. Керекті дәрежеде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2004 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
24.02.2010 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
27.10.2023 |
Патенттану
"Қазақ университеті" 2013 - г. ISBN 978-601-04-0209-6 142 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Асембаева М.К., Молдабекова М.С.
«Молекулалық физика» пәніне арналған тесттер жинағы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 972-601-04-3008-2 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Асембаева М.К., Молдабекова М.С.
Молекулалық физика. Практикалық тапсырмалар мен жаттығулар
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-3028-0 14 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Куйкабаева А.А., Нурмуханова А.З.
"Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі" пәнінен тесттер жинағы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-3006-8 122 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Асембаева М.К., Молдабекова М.С., Федоренко О.В.
Заттардың жылуфизикалық қасиеттерінің теориялық негіздері
" Қазақ университеті " 2019 - г. 188 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Асембаева М.К., Федоренко О.В., Молдабекова М.С.
Заттардың жылуфизикалық қасиеттерінің теориялық негіздері
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-3922-1 170 - стр. ҚАЗАҚСТАН
10
құжаттар
4